Тырысқақ: емдеу, алдын алу. Инфекцияны анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі

Error message

  • Warning: include_once(/var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/themes/engines/phptemplate/phptemplate.engine): failed to open stream: No such file or directory in include_once() (line 209 of /var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/includes/theme.inc).
  • Warning: include_once(): Failed opening '/var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/themes/engines/phptemplate/phptemplate.engine' for inclusion (include_path='.:/opt/php74/share/pear') in include_once() (line 209 of /var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/includes/theme.inc).
Қазақ

Алатау қалалық ауруханасында инфекциялық бақылау мейірбикесі жіті инфекциялық аурулар бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде "Тырысқақ: емдеу, алдын алу. Инфекцияны анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі"  тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Тырысқақ – адамнан адамға жұғатын жіті ішек жұқпалы ауруы. Тырысқақ басқа жіті ішек жұқпаларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Тырысқақтың алдын алу шаралары мынадай:

- жеке гигиена шараларын сақтаңыз: тамақ ішер, тамақ дайындар алдында, әжетханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;

- қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;

- ұйымдастырылған демалысқа рұқсат етілген су айдындарында шомылыңыз;

- теңіздің, мұхиттың және басқа да су объектілерінің шикі және жеткіліксіз пісірілген өнімдерін пайдаланбаңыз;

- азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністі рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алыңыз;

- жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуыңыз.