Жыл сайын эпилепсия диагнозы қойылатын науқастар саны артып келеді. Жалпы эпилепсиялық ұстамалар нейрондарды қоздыру және тежеу механизмінің бұзылуымен байланысты бас миындағы нейрондардың шамадан тыс разряды салдарынан туындайды

Сообщение об ошибке

  • Warning: include_once(/var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/themes/engines/phptemplate/phptemplate.engine): failed to open stream: No such file or directory в функции include_once() (строка 209 в файле /var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/includes/theme.inc).
  • Warning: include_once(): Failed opening '/var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/themes/engines/phptemplate/phptemplate.engine' for inclusion (include_path='.:/opt/php74/share/pear') в функции include_once() (строка 209 в файле /var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/includes/theme.inc).
Казахский

"Жыл сайын эпилепсия диагнозы қойылатын науқастар саны артып келеді. Жалпы эпилепсиялық ұстамалар нейрондарды қоздыру және тежеу механизмінің бұзылуымен байланысты бас миындағы нейрондардың шамадан тыс разряды салдарынан туындайды".
Бірақ эпилептикалық ұстамалар мына секілді жағдайларда туындаса, онда науқасқа "эпилепсия" деген диагноз қойылмайды:

төтенше жағдай (күйзеліс);

дене температурасының көтерілуі;

улану;

ұйқысыздық.

Бұл көбіне балаларда жиі кездеседі. Себебі балаларда бас миының физиологиясын реттеу механизмі қалыптасу сатысында тұрады. Сонымен қатар бассүйек-ми жарақатының асқынуы, бас миының инфекциялық ауруы, ісік, метастаз кезінде де талма болуы мүмкін.

Эпилепсияның 3 түрі бар:
тұқым қуалайтын (зат алмасудың генетикалық ақауы);
туа біткен (жатыр ішінде пайда болған патология – инфекция, босану кезіндегі жарақат);
эпилепсия туындауына жүре пайда болған бейімділік (жарақат, инсульт, ісік салдары).

Эпилепсия белгілері
Эпилепсияның 3 кезеңі бар:
ұстамалы немесе иктальді кезең;
ұстамадан кейінгі немесе постиктальды кезең;
ұстамааралық немесе интериктальды кезең.
Ұстама алдында аура деп аталатын құбылыс болуы мүмкін. Ол вегетативті өзгерістер, моторлы бұзылыстар, сенсорлық сезімдер, психикалық немесе сөйлеудің өзгеруі түрінде болуы ықтимал. Көбіне эпилепсия ұстамасы жүрек айну, бас айналу, қатты әлсіздік, кеудедегі ауырсыну, тұншығу, ұйқышылдық, тіл немесе еріннің ұюы, құлақтағы шуыл немесе шыңылдау, иіс сезудің бұзылуынан басталуы мүмкін.
Егер бұл күрделі ұстама (парицальді) болса, онда ол кезде автоматизмдер (ебедейсіз қимылдар) байқалуы мүмкін. Бұл кезде ол адаммен байланыс орнату өте қиын болады.

Қайталанған жаппай ұстама аяқ астынан болуы мүмкін. Бірнеше секундқа созылған аура кезінде науқас есін біліп жатады да, артынша ол құлап, тез есін жоғалтады. Құлау кезінде кеуде тұсындағы бұлшықеттің күрт жиырылуымен дауыс шымылдығының аралығындағы құрысу салдарынан науқас айқайлауы мүмкін