"Семей медицина университетінің" докторанты Тренина Варвара Александровна "Төтенше жағдай аймағындағы халыққа психикалық денсаулық саласында қолдау көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру" тақырыбындағы зерттеуді жүзеге асыру мақсатында "Алатау" қалалық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігерлерімен, психологымен сұхбат жүргізді.
Басқа медициналық мекемелермен, медицина саласының қызметкерлерімен өзара пікір мен тәжірибе алмасу біздің ауруханамыздың жұмыс барысына оң септігін тигізіп, маңызды қағидаттарымыздың бірі болып табылады.
Сонымен қатар, аурухана директорының емдеу жұмысы бойынша орынбасары Н.Максуткановна басшылығымен әріптестеріміз м.ғ.д, профессор ҰЖҒА корреспондент мүшесі А.З.Дюсуповты еске алу құрметіне арналған Шұғыл медицина бойынша Халықаралық конференцияға қатысты.