Атаулы күн 1993 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі. Бұл күнді белгілеу—отбасындағы көптеген проблемаларға елдегі қоғамның назарын аудара түсу мақсатын көздейді.
Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі — бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.
Отбасы күні барлықтарыңызға мықты және мінсіз отбасылық қарым-қатынас тілейміз. Әр отбасы махаббат жылулығымен жылынып, қуанышты, шуақты күндеріңіз көп болсын . Отбасында тек адалдық, сүйіспеншілік, жанашырлық пен сенімділік болсын.