2005 жылдан бастап жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік гипертониямен күрес лигасымен және Халықаралық гипертония қоғамымен тығыз ынтымақтастықта 17 мамырда Дүниежүзілік артериялық гипертензиямен күрес күні атап өтіледі.
Артериялық гипертония қаупінің факторларына тұқым қуалаушылық, дененің артық салмағы, дене қимылының аз болуы, алкоголь мен тағамда тұздың көп мөлшерін тұтыну жатады.
Артериялық гипертония кезінде науқасқа зерттеудің мына түрлері: қан мен зәрдің жалпы талдауы, қандағы креатинин, калий мен глюкоза деңгейі; электрокардиограмма және эхокардиография; қан сарысуында жалпы холестериннің, зәр қышқылының болуы және көз түбінің зерттеуі жүргізіледі.
Алатау қалалық ауруханасында артериялық гипертония күні шеңберінде инсульт, инфаркт миокарды, гипертония мәселелеріне арналған интерактивті дәрістер, науқастар мен келуші пациенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#АлатауҚалалықАуруханасы
#ГородскаяБольницаАлатау