Елімізде қыздарды жатыр мойны обырына қарсы вакциналау басталды.

Error message

  • Warning: include_once(/var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/themes/engines/phptemplate/phptemplate.engine): failed to open stream: No such file or directory in include_once() (line 209 of /var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/includes/theme.inc).
  • Warning: include_once(): Failed opening '/var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/themes/engines/phptemplate/phptemplate.engine' for inclusion (include_path='.:/opt/php74/share/pear') in include_once() (line 209 of /var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/includes/theme.inc).
Қазақ

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 11 қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ 12 жастан бастап 13 жасты қоса алғандағы жастағы қыздарға толықтыра иммундау жүргізіледі. 

Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.

Сонымен қатар ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жердегі емханаларда да жүргізіледі.
Алатау қалалық ауруханасында да АПВ қарсы вакцинациялау жүріп жатыр.

Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орындағы және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің себептері бойынша екінші орындағы қатерлі ісік болып табылады. Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ инфекциясын жұқтыру екенін дәлелдеді. Бұған дейін халық арасында екпе егубойынша түсіндірмелік жұмыстар жүргізіліп келген.