Елімізде сәуір айының 21-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді.
Шара «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен ұйымдастырылады. Апталықтың мақсаты – вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын халыққа жеткізу.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының ақпаратына сәйкес, өңірде көкжөтел бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Атап айтсақ, жыл басынан бері 37 жағдай тіркелген.
Жаппай вакцинация жүргізу ұлт денсаулығын сақтаудың қажетті шарты. Вакцина арқылы кез-келген аурудың алдын алып, таралуына жол бермеуге болады.