"Игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық. Тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда медбике жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі.
Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, тәніне шипа болардай ем беріп,сөзінің тәттісімен,көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып,ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп,халықтың алғыс-сауабын арқалаған жандардың бірі біздің ауруханамыздың мейірбикесі–Сәтбаева Жанар Жалелқызы.
«Мейірбике журегі жылуға, қамқорлыққа толы мәртебелі мамандық деп бала кезімнен армандап келген жұмысым»-дейді Жанар Жалелқызы.
Сәтбаева Ж.Ж 1997-2000 жж. Республикалық медицина колледжін тамамдап,кейін 2019-2022 жж.Қазақ-Ресей медициналық университетінде білімін шыңдаған.
Жанар Жалелқызы Алатау қалалық ауруханасында 2013 ж. қызмет етеді.Өз еңбек жолында өзін тек жақсы жақтармен көрсете білген адал, шыншыл және өз мамандыгының шебері. Әріптестері мен науқастардың арасында жауапкершілігі,мейірімділігі мен бауырмалдығы,сыпайылығымен құрметті және беделді.
Бүгінгі кәсіби мереке күні шеберлік пен білімді ұштастырған, жан-жақты, жауапты, мейірімділік нұрын жан жағына шашып жүрген Жанар Жалелқызы аудан әкімшілігінен алғыс хат марапатына ие болды.
Сізге мықты денсаулық, шыдамдылық тілейміз, мейірімдеріңіз бен өзгелерге жасаған қамқорлықтарыңыз өзіңізге мың мәрте оралсын!"
#АлатауҚалалықАуруханасы
#ГородскаяБольницаАлатау