Қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар лудомания дейді.

Error message

  • Warning: include_once(/var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/themes/engines/phptemplate/phptemplate.engine): failed to open stream: No such file or directory in include_once() (line 209 of /var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/includes/theme.inc).
  • Warning: include_once(): Failed opening '/var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/themes/engines/phptemplate/phptemplate.engine' for inclusion (include_path='.:/opt/php74/share/pear') in include_once() (line 209 of /var/www/alatau-gb/data/www/alatau-gb.kz/includes/theme.inc).
Қазақ

Лудомания адам өмірінде басым роль ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін ойын құмарлығы.

Лудомандар - құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Қазіргі кезде казино, түрлі ақшалай ойын автоматтарының таралуына байланысты құмар ойындар мәселесі өзекті мәселеге айналып тұр. Қоғамда оларға ешқандай шара қолдана алмайды. Себебі құмар ойындардың көбісі заң жүзінде рәсімделген. Ойынқұмарлардың көбеюі салдарынан елімізде лудомандарды емдейтін арнайы орталықтарда ашылған.

Мамандардың айтуынша, лудомания дертіне шалдығу бірнеше факторға байланысты:

-биологиялық;

-психологиялық;

-әлеуметтік;

-рухани;

Лудоманды былайша аңғаруға болады:

Біріншіден, барлық бос уақытын ойынмен өткізеді. Казиноларға ставка қояды. Букмекерлік контораларда отырады.

Екіншіден, қаржыны көп жұмсайды, ставкалар қомақты ақшаны қажет етеді, соның нәтижесінде үйіндегі құнды заттарын сатады, жақындарымен таныстарынан қарызға ақша алады, тіпті одан қала бере банктерден несие алады, сөйтіп қарызға белшесінен батады екен.

Үшіншіден, көңіл күйі өзгереді. Лудоман әрқашанда ойын туралы ойлайды.

Төртіншіден, жеңілістен кейін, қайтадан ойнап, ұту идеясы пайда болады.

Егер лудоман үлкен сомадан ұтылып қалса, ол керісінше тоқтамайды, ол тезірек ақша іздей бастайды.

Жалпы, лудоманияның қоғамға төндіретін қаупі орасан зор. Жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керек